Бірлік негізгі орта мектеп директоры Байбулатова Алия Шариповна
Байбулатова Алия Шариповна 22.04.1982 жылы Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келді.
1999 жылы Теректі ауданы, Долинный ауылында Чапаев орта мектебін бітіріп,Орал педагогикалық колледжіне түсті, 2002 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті»пәні мұғалімі ретінде қызыл дипломға бітірді.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 2003-2006 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жоғары оқу орының грант бойынша аяқтады.
2002 жылдан бастап Бірлік негізгі мектебіне (Орыс тілі мен әдебиеті) пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды.
2006-2013 жылдары мектеп тәлімгері қызметін атқарды. Оқу ісі меңгеруші ретінде 6 қаңтар 2014жылы қабылданды, оқу ісі орынбасары ретінде еңбек өтілі 6 жыл. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 19 жыл.
2021-2022 оқу жылынан бастап Бірлік негізгі орта мектебінің директоры болып тағайындалды.